Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
282-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Шағын кәсiпкерлiктi қолдау"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 159120 мың теңге (бір жүз елу тоғыз миллион бір жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы, "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 мамырдағы № 592 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi санының одан әрi өсуi үшiн жағдай жасау, шағын бизнестің (кәсiпкерлiктiң) жалпы iшкi өнiм құрылысындағы үлесiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: заңнамалық базаны жетiлдiру, шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдаудың сапалы инфрақұрылымын құру, ақпараттық-әдiстемелiк жәрдемдесу және шағын бизнестi насихаттау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санын 500 мыңға дейiн көбейту, жалпы iшкi өнiм құрылымындағы шағын бизнестің (кәсiпкерлiктiң) үлесiн 20%-ке дейiн көбейту.
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
283-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі ақпараттық
жүйенi дамыту"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4467 мың теңге (төрт миллион төрт жүз алпыс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Шағын кәсiпкерлік субъектілерiн ақпараттандыруды және оларға бизнесті қазiргi заманғы және Интернет-технологиялардың көмегiмен тиiмдi жүргізу үшiн мүмкiндiк берудi қамтамасыз ететін жағдайлар мен тетіктер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi қалыптастыруды талдау, пайдаланушылардың (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң) ескертулерi бойынша бағдарламалық-математикалық қамтамасыз етудi қайта жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
- бизнесте интернет-технологияларды пайдаланатын шағын кәсіпкерлiк субъектілерiнiң үлесiн көбейту;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ақпараттық жүйе ресурстарына қол жеткізуiн оңайландыратын қолданбалы интерфрейстi кеңейту.
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
284-қосымша
233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесiн жетiлдiру"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 375560 мың теңге (үш жүз жетпiс бес миллион бес жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 10-бабы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 10-бабы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiн ұйымдастырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 қаулысы, "Қазақстан Республикасының стандарттау және сертификаттау жөніндегі кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 маусымдағы Заңы, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 маусымдағы Заңының 6 , 10, 17 және 15-баптары, "Қазақстан Республикасының халықаралық топтастыру және техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың халықаралық жүйесіне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 шiлдедегi № 1113 қаулысы; "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңiстігі және оны дамыту шаралары жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы, "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегі № 433-1 "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Өлшем бірліктерiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы заңдар, "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002-2004 жылдарға арналған әрекет ету бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысы, Каспий теңiзіндегі қазақстандық секторды игерудiң мемлекеттік бағдарламасы, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы өлшемдердiң бірыңғайлығы мен дәлдiгiн қамтамасыз етудiң техникалық негізi болып табылатын шама бірлiктерiнiң мемлекеттік эталондық базасын құру және жетiлдiру. Өлшемдер нәтижелерiнің дұрыс болмауынан экономикалық шығындарды қалыптастыру; өлшемдердiң бірыңғайлығы мен дәлдiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының эталон базасының халықаралық эталондарға сәйкестігін қамтамасыз ету, өлшемдер нәтижелерiнiң дұрыс болмауынан экономикалық шығындарды қалыптастыру; салааралық үйлестiру және уақыт пен жиiлiк өлшемдерiнiң бірыңғайлығын қамтамасыз етуге және Жер айналысының параметрлерін анықтауға бағытталған жұмыстарды орындау; стандарттау жөніндегі жұмыстардың халықаралық практикасына көшу; стандарттау, метрология және сертификаттаудың мемлекеттік, оның iшiнде мұнайгаз саласындағы жүйесiн жетілдiру және дамыту, Қазақстан Республикасының әлемдiк рынокқа шығуына жағдай жасау үшiн ДСҰ-ға кіруге дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: эталондық базаны қаржыландыру, эталондарды салыстыруды және метрологиялық аттестациялауды жүргiзу, мамандарды халықаралық деңгейде оқыту; уақыт пен жиiлiк шама бірлiктерiнiң техникалық (эталондық) базасын құру және жетілдiру; уақыт жиiлiгiнiң Мемлекеттік эталонының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; UTC (KZ) үйлестiрiлген уақыттың ұлттық шкаласын жүргiзу; халықаралық стандарттардың талаптарына және ДСҰ қағидаттарына сәйкес мемлекеттік стандарттарды, ережелердi және ұсынымдарды әзiрлеу және қарау; iшкi өндiрiстi қолдауға және өнеркәсiптiң экспорттық бағыттылығын дамыту үшiн қажеттi нормативтiк база құру, стандарттау, метрология және сәйкестігiн бағалау әдiстерiмен отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: саны кемiнде 4 бірлiк мемлекеттік эталондар құру үшiн эталондық жабдықтар сатып алу, өлшеудiң дәлдiгiн арттыру, өлшем бірлiк құралдарын тексеруге кeтетiн шығынды азайту, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы үшiн халықаралық талаптарға сәйкестендiру; кемiнде 15 эталондарды және эталондық жабдықтарды салыстырып қарауды жүргізу; эталондарға 49 біліктi-сақтаушылармен қызмет көрсету, кемiнде 5 маманның біліктiлiгiн арттыру, жабдықтарға сервистiк қызмет көрсету, мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық базасында эталондық кешендi дамыту; мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына сәйкес 80 мемлекеттік стандарттар әзiрлеу; 150 халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен шет елдердiң стандарттарын сатып алу және оларды аудару; мемлекеттік стандарттаудың жоспарын және халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламасына ұсыныстар әзiрлеу; "мұнай саласындағы стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiнде 3 нормативтік құжат" әзiрлеу. Бағдарламаны iске асыру отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру және әлемдiк рынокта ықпалдасуы үшін жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.